RU

Коронавирус инфекциясы қандай сырқаттарға ауыр тиеді

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, профессор, пульмонолог дәрігер Сәуле Қасенова стресс COVID-19 ауыр ағысының қауіпті факторы екенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram
"Тәуекел тобына жататын адамдарға көңіл аударғым келеді. Бұлар темекі шегетін, жасы 65-тен асқан егде адамдар, артериялық гипертония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, артық салмағы бар қант диабетімен ауыратындар. Оларда сырқаттың ағымы аса ауыр түрде болуы мүмкін", - деді ол. 

Сонымен қатар, Қасенова шамадан тыс жұмыс істеуге, нормаланбаған жұмыс уақытына көңіл аударуды сұрайды. 

"Стресс те коронавирус инфекциясының ауыр ағымының қауіп факторы болып табылады. Әлсіреген иммундық жүйенің көрінісінде вирусемияның жылдам ағымы, жіті тыныс алу жетіспеушілігі, респираторлық дисстресс синдромының жылдам дамуы байқалады, олар тек стационарда ғана емдеуді немесе реанимациялық көмекті өзгертуді талап етеді, - деді сарапшы.

Пульмонолог СОVID-19 ауырғандар 6 ай ішінде терапевт, пульмонолог және реабилитолог дәрігерлерде бақылауда болатынын айтты. 

"Теңіз суына түсу, саябақ, қарағай орманында, тауда (Медеуде, Боровойда) демалу, санаторлық-курорттық емделу толық жазылып кетуге септігін тигізеді. Ал болашаққа үмітпен қарау және жақсы көңіл-күйдің болуы ағзаның ең басты емдеу механизмі", - деді Сәуле Қасенова. 

Айта кетейік, бұған дейін Сан-Францискодағы Калифорния университеті ғалымдарының коронавирустың өлім қаупін 12 есеге арттыратын ауруды анықтағанын хабарлағанбыз.

Кең ауқымды зерттеуге сәйкес, қант диабетімен ауыратын COVID-19 жұқтырушыларының ауруханаға жату мұқтаждығы алты есеге, ал қайтыс болу қаупі 12 есеге көбейген.

Мамандардың айтуынша, бұл ауру коронавирус инфекциясының неғұрлым ауыр өтуіне ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866980-koronavirus-infekciasy-kandaj-syrkattarga-auyr-tiedi/