RU

Отандық дәрігер антибиотиктерді бей-берекет қолданбауға шақырды

Алматы қалалық фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, пульмонолог Абзал Малбасқанов пневмония жұқтырғандар басында ауру жайлы білмеуі мүмкін екенін жеткізді. Оның сөзінше, науқастар көбінесе демі қысылып, деміккен сәтте ғана вирусты сезінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: Алматы телеарнасы
Фото: Алматы телеарнасы: Instagram

Малбасқанов ел тұрғындарына "көп айтты екен" деп бей-берекет антибиотиктерді ішпеуге кеңес берді. Ол салауатты өмір салтын сақтау керек, имунитетті көтеру керек дейді. Сонымен қатар, барынша спортпен айналысып, зиян әдеттерден аулақ болу қажет дегенді алға тартады. Сондай-ақ, жаз уақытында желдеткішті абайлап пайдалану керектігін ескертті. Денесі салқындап, ыстыққа шыққан адамның иммунитеті бірден түсіп кету қаупі бар. Одан да ауаны терезе ашу арқылы тазалауды ұсынды. 

"Пневманияның түріне тоқталып кеткен дұрыс. Бұл енді антибиотиктер бактерияны өлтіретін дәрілік зат болып табылады. Сол кезде антибиотикті өз-өзімізге тағайындап ішкен кезімізде біз иммунитетімізді одан сайын әлсіретіп, денсаулығымызды нашарлатып, жылайтын жағдайға жеткізіп қалуымыз мүмкін. Сол себепті үйде емделген лажы емес. Көбінесе дәрігермен кеңесіп, аурудың қандай жағдайда өтіп жатқанын, қандай деңгейде екенін соны анықтап, қосымша емханада ренгенологиялық зерттеулер жасап, содан кейін барып, керекті нақты дәрілерді тағайындаған дұрыс болады", – деді Абзал Малбасқанов.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан емделу кезінде денсаулыққа кері әсер ететін алты әдісті атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866981-otandyk-driger-antibiotikterdi-bej-bereket-koldanbauga-sakyrdy/