RU

ДДСҰ Павлодар облысына гуманитарлық көмек жіберді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан Павлодар облысына гуманитарлық көмек жеткізілді. Ол Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасынан әрі қарай аймақтың провизорлық орталықтарына таратылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz: Facebook

Жүктің діттеген жеріне жеткізілуін "Ertis - adaldyq alany" жобалық кеңсесінің өкілдері қадағалайды. Волонтерлердің көмегімен барлық заттарға "тегін гуманитарлық көмек" деген мөр басылды. Бүгіннен бастап осы дәрі-дәрмек, қорғаныс қалқаншалары, көзілдіріктер, халаттар, медициналық және хирургиялық маскалар емдеу мекемелеріне таратылады.

Сондай-ақ гуманитарлық көмектің арасында коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатын "Авифавир" дәрілік препаратының 170 қаптамасы бар.

"Бүгін жүк өте көп келді. Бізге облыстық волонтерлер ұйымы көмекке келді. Олар гуманитарлық көмекпен келген дәрі-дәрмектер мен бұйымдарға мөр басып жатыр. Бұл провизорлық госпитальдарға бағытталған көмек. Сондықтан талан-таражға түспеуі керек", – дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин.

Еске сала кетейік, бұған дейін испаниялық ғалымдардың Covid-19 инфекциясының тағы бір симптомын анықтағанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866993-dds-pavlodar-oblysyna-gumanitarlyk-kmek-ziberdi/