RU

Елде COVID-19 жұқтырғандар саны 84 мыңнан асты

2020 жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда тағы 1526 адамнан COVID-19 анықталды. Осылайша, елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 84 648- ге жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустың 1526 жаңа дерегі анықталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Соңғы тәуліктегі өсімнің жалпы санында ауруы симптомсыз өтіп жатқан 656 қазақстандық бар, қалғандары КВИ жұқтырудың айқын белгілерін көрсетті.

Аймақтар бойынша: (жалпы / белгілерсіз)

Нұр-Сұлтан қаласы - 250/82

Алматы қаласы - 253/110

Шымкент қаласы - 25/20

Ақмола облысы - 52/23

Ақтөбе облысы - 11/3

Алматы облысы - 85/47

Атырау облысы - 65/46

Шығыс Қазақстан облысы - 179/69

Жамбыл облысы - 51/31

Батыс Қазақстан облысы - 86/48

Қарағанды ​​облысы - 118/41

Қостанай облысы - 63/42

Қызылорда облысы - 69/31

Маңғыстау облысы - 44 / 7

Павлодар облысы - 57/23

Солтүстік Қазақстан облысы - 70/6

Түркістан облысы - 48/27

Қазақстанда коронавирус індеті туралы жалпы статистика төмендегідей:

Расталған жағдайлар: 84 648 адам;

Қайтыс болғандар саны: 585

Емделгендер: 52 571 адам.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге қанша қаражат кететіні туралы жазған болатынбыз.

Медициналық сақтандыру қорының басшысы ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте коронавируспен ауырған бір науқастың ауруханада ем алуы қанша тұратынын хабарлаған еді.

Сома науқастың жағдайының ауырлығына байланысты 292 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866999-kazakstanda-koronavirusty-1526-zaa-deregi-anyktaldy/