RU

Маңғыстау облысының тұрғындары карантин уақытында дүркіретіп той өткізді

Қазақстандықтар карантин режиміне қарамастан, әлі де мерекелік шараларды өткізуді жалғастырып жатыр. Бұл жолы Маңғыстау облысының тұрғыны ұлының үйлену тойын дәл өзінің ауласында дүркіретіп атап өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысындағы той. Фото: Polisia.kz
Маңғыстау облысындағы той. Фото: Polisia.kz: UGC

Анықталғандай, ұйлену тойы Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданында өткен. Өңір тұрғыны ұлының отау құруын дәл өзінің ауласында тойлаған.

Той иесі белгіленген карантиндік талаптарға қарамастан, мерекелік шараны барынша дүркіретіп атап өткен. Салтанатты жиынға жүзден аса адам қатысқан.

Той ұйымдастырушылар да, қонақтар да қажетті әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жоқ. Оған қоса, олардың ешбірі жеке қорғаныс заттарын қолданбаған.

Қазіргі таңда, үй иесі мен мерекелік шараны ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Карантиннің бұзылуы жөніндегі бар жиналған ақпарат аудандық сотқа жіберілді. Ер адамды үлкен көлемдегі айыппұл күтіп тұр.

Маңғыстау облысының құқыққорғау органдарының қызметкерлері карантин талаптарын барынша сақтау керек екенін ескертіп айтады. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, жеке қорғаныс заттарын қолдану мен ауқымды шараларды ұйымастырмау секілді шектеулер ең алдымен коронавирус инфекциясын тоқтату мақсатында енгізіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867002-magystau-oblysyny-trgyndary-karantin-uakytynda-drkiretip-toj-tkizdi/