RU

Елде 3 тамыздан бастап қандай шектеу шаралары күшінде қалады

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан кейін елімізде қандай шектеу шаралары күшінде қалатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысында айтты.

Оның сөзінше, 3 тамыздан кейін мына тыйым күшінде қалуы керек:

  • жаппай жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге,
  • көңіл көтеретін мекемелерге,
  • кинотеатрлар мен фудкорттарға,
  • банкет залдарының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді,
  • мейрамханалар мен барлар,
  • түнгі және ойын клубтары
  • мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысы жанданбайды,
  • конференциялар мен көрмелер, форумдар өткізілмейді,
  • спорт залдардың, фитнес-орталықтардың, бассейндер мен аквапарк пляждарының, діни нысандардың жұмысы басталмайды,
  • табиғи жолаушылар пойызы (жұмыс пойыздарын есептемегенде электричкалар) мен қала арасындағы автобустардың қозғалысы жанданбайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысы кезінде үшінші тамыздан бастап, карантин режимін жұмсарту мүмкіндігі жөнінде мәлімдеген болатын.

2020 жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда тағы 1526 адамнан COVID-19 анықталды. Осылайша, елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 84 648-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867050-elde-3-tamyzdan-bastap-kandaj-sekteu-saralary-ksinde-kalady/