RU

Өскеменде саудагерлер әкімдік алдында шу шығарды (видео)

Күні кеше Өскеменде базарлар мен дүкендердің сатушылары әкімдік ғимаратына келіп, жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Өскеменде саудагерлер әкімдіктің алдында шу шығарды (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Cатушылар бір айға жуық уақытқа созылған мәжбүрлі демалыстың салдарынан халдерінің мүшкіл екенін айтты. Олардың сөзінше, жүздеген адам жұмыссыз қалған. Ал әйелдер базарларда емес, азық-түлік дүкендерінде жұмыс істейді екен.

Мәселен, Әлия Сембаева 42,5 мың теңге алуға үш рет тырысып көрген, алайда нәтиже болмаған. Ол баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, ал бұрынғы күйеуі оған мүлде көмектеспейді екен. Әйел күнделікті күнкөрісіне қаражатты қайдан табарын білмей дал болып жүр.

Ал қаладағы көптеген сауда нысандары жабық базар ретінде рәсімделген. Сол себепті олар жабылған.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандардың шағымын қарауға уәде берді. Ол үшін әкімдікке барлық талаптарды көрсетіп, өтініш жазуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елордадағы супермаркетте екі пышақ ұстаған әйелдің шу шығарғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Куәгерлердің сөзінше, келіншек өзін дөрекі ұстаған. Нақтырақ айтқанда, пышақтармен сермеп, тұтынушылар мен жұмысшыларды балағаттаған, сөрелерді құлатып, тауарларды лақтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867053-skemende-saudagerler-kimdik-aldynda-su-sygardy-video/