RU

Алматы пандемияның екінші толқынына дайындалуда: Қалада жаңа госпиталь мен мәйітхана пайда болды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық шеңберінде қалада бірнеше госпиталь ашылатынын мәлімдеді KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев үкіметтің отырысында мәлім етті.

Оның сөзінше, бүгінгі күні COVID-19 инфекциясымен күреске 27 медицина ұйымы тартылған. Жалпы төсек қоры 6096 орынды құрайды. Сағынтаев төсек-орындардың бос болмауы 90 пайыздан 50 пайызға дейін азайды деп отыр.

"Бүгінгі мәлімет бойынша бұл көрсеткіш 42 пайызға төмендеді. Пандемияның екінші толқынына дайындық шеңберінде жағдайы ауыр науқастарға арналған бірінші эшелон стационарларындағы инфекциялық төсек орындарын 1015 орынға көбейтеміз", - деді мегаполис басшысы.

Сонымен қатар, тамыз айының соңына дейін 500 орынға арналған жаңа госпиталь пайдалануға беріледі.

Сағынтаев қыркүйектің ортасына дейін 300 төсек-орынға арналған тез салынатын тағы бір модульдік инфекциялық госпитальды іске қосатынын мәлімдеді.

"Келесі аптаның басында құрылыс алаңына шығамыз. 1 қазанға дейін екі қонақ үйдің базасында жеке инвестициялар есебінен 215 төсек-орындық толыққанды ковидтік емханалар құрылатын болады. Тамыздың соңына дейін патологоанатомиялық бюро іске қосылады", - деді Алматы әкімі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанның екі өңірі эпидемияның екінші толқынына дайындалып жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867054-almaty-pandemiany-ekinsi-tolkynyna-dajyndaluda-kalada-zaa-gospital-men-mjithana-pajda-boldy/