RU

Дубай қазақстандық туристер үшін жаңа ереже енгізді

Дубай мен Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі жаңа қаулы шығарды. Оған сәйкес Қазақстанды қосқанда әлемнің 29 елінен келетін адамдар коронавирус тестінің нәтижесін көрсетіп қана қомай, әуежайда екінші рет COVID-19-ға тексерілуі қажет деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дубай қазақстандық туристерге екі рет коронавирусты анықтайтын тест тапсырғызады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жаңа қаулыға сәйкес, 1 тамыздан бастап Дубай аумағына төменде көрсетілген тізімдегі елдерден келетіндердің барлығында коронавирус инфекциясының жоқтығы туралы анықтама болуы керек.

Whatson.ae мәліметінше, Дубай әуежайына келгенде туристер тағы бір тексерістен өтуі тиіс. Яғни бұл жерде COVID-19-дың бар-жоғын анықтау үшін туристің мұрнынан жағынды алынады. Осылайша ол коронавирусқа тағы тексеріледі.

Бұл шаралар коронавирусты жұқтырудың жоғары деңгейі байқалған елдердің азаматтары үшін енгізіліп отыр. Төменде аталмыш мемлекеттер көрсетілген.

Олар:

Ресей;

Қазақстан;

Ауғанстан;

Армения;

Бразилия;

Бангладеш;

Джибути

Мысыр;

Эритрея;

Үндістан;

Индонезия;

Иран;

Ирак;

Қырғызстан;

Ливан;

Черногория;

Нигерия;

Пәкістан;

Филиппин;

Сербия;

Румыния;

ОАР;

Шри-Ланка;

Судан;

Тәжікстан;

Танзания;

Түркменстан;

Өзбекстан.

Сондай-ақ, тізімге АҚШ-қа іргелес орналасқан бірқатар қалалар мен аумақтар ғана енген.

Әуежайда коронавирус тестінен өткен барлық адамдарға нәтижелері шыққанша оқшаулануға тура келеді.

Коронавирус анықталмаған жағдайда елге келген адамға емін-еркін жүріп-тұруға рұқсат етіледі.

Деректерді жедел алу үшін арнайы қосымшаны орнату ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Швейцария елге келетін қазақстандықтар үшін 10 күндік міндетті карантин енгізгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867076-dubaj-kazakstandyk-turister-sin-zaa-ereze-engizdi/