RU

Биенің сүті Қазақстанда коронавирусты емдейтін танымал "дәріге" айналды

Пандемия кезінде бие сүті коронавирустың тағы бір "ғажайып емі" ретінде танымал болды. Бұл сусынды сатып алу үшін алматылықтар сағаттап кезекте тұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биенің сүті Қазақстанда коронавируст танымал «дәрісіне» айналды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Халық арасында бие сүті саумалдың емдік қасиеттері туралы аңыздар тараған. Адамдардың айтуынша, бұл иммундық жүйені нығайтады, ұйқыны, тәбетті және көңіл күйді жақсартады.

Сондай-ақ саумал коронавирустан қорғап, тіпті емдейді деген пікір бар деп хабарлайды "Almaty.tv" телеарнасы.

68 жастағы алматылық Рисалят Сатыбалдиеваның айтуынша, өзі қатты ауырған, бірақ осы "керемет сусынды" ішкеннен кейін өзін жақсы сезіне бастапты.

Кейбір "сарапшылар" саумалды қолдану бойынша өздерінің нұсқауларын ұсынады. Кәсіпкер Айдар Иханның айтуынша, бұл сусынды таңертең аш қарынға ішкен дұрыс және оны бөлме температурасыдай жерде сақтаған жөн.

Ұзақ жылдар бойы осы сусынды зерттеуге арнаған Ұлттық ғылым академиясының академигі Төрегелді Шарманов саумалдың қасиеттері туралы айтты.

Шармановтың айтуынша, қымыз бен шұбат – бұл дәстүрлі дәрі-дәрмектер, олар шын мәнінде аурудан қорғайды. Оның айтуынша, ол екі сусынды да дәлелденген негізде ұсынған, өйткені олар иммунитетті арттыруға қабілетті.

Дәстүрлі медицина ұстанушылардың пікірінше, саумал табиғи иммуномодулятор болып табылады. Әсіресе, олардың пікірінше, сусын метаболикалық бұзылуларға, бауыр мен асқазан ауруларына тиімді.

Телеарнаның хабарлауынша, бір литр сусын 800-ден 1000 теңгеге дейін тұрады.

Еске сала кетсек, Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов індет кезіндегі тамақтану мен гигиенаның рөлі туралы айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867077-bieni-sti-kazakstanda-koronavirusty-emdejtin-tanymal-drige-ajnaldy/