RU

Шымкентте карантинге қарамай жұмыс істеген сауна анықталды

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысандарды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Айта кетейік, Covid-19 вирусының алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің №25, 26, 27 қаулылары шыққан болатын. Осыған сәйкес мегаполистің полиция департаменті рейдтік іс-шара жүргізу барысында карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысандарын анықтады.

"2020 жылдың 26 шілде күні сағат 01:31 шамасында Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына “102” телефоны арқылы Ташенов көшесі №119 үйде орналасқан “Оңаша” саунасының жұмыс жасап жатқандығы туралы хабарланған. Аталған жайт негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 804-бабының 1-бөлігінің 22-тармақшасына сәйкес аталған нысан иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 3-бөлігімен процессуалды шешім қабылдау үшін жинақталған іс-құжаттар Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, демалыс күндері Шымкент қаласында тәртіп сақшылары жеңіл жүрісті қыздарды қолға түсірген болатын. Ұсталғандардың бірі полиция қызметкерлеріне "жұмыс істеуге рұқсат бермеді" деп наразылығын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867078-symkentte-karantinge-karamaj-zmys-istegen-sauna-anyktaldy/