RU

Қазақстанда коронавируспен ауырғандарға арналған стационарлар жабылуда

Қазақстанның бірнеше өңірінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылды. Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі ауруханалардағы төсек-орындар санын қысқартпақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Ведомствоаралық комисия таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта бұған дейін коронавируспен ауырғандарды емдеу үшін ашылған сегіз стационар жабылған.

1100 орынды бұл госпитальдар Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстарында, сонымен қатар Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан еді.

Сонымен қатар министрлік ауруханадағы орын санын да қысқарта бастаған. Мәселен республика бойынша 6 провизорлық стационарларда 855 орын қысқарған. Олар Маңғыстау мен Павлодар облысында.

Қалған өңірлер қалалар да провизорлық орталықтарды жабу немесе төсек-орын санын қысқарту 2 тамыздан бастап жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда тағы 1526 адамнан COVID-19 анықталды. Осылайша, елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 84 648-ге жетті.

Індеттен 54 404 адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, 3 тамыздан бастап елімізде 5 шілдеде жарияланған қатаң карантин қайта жеңілдетілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867135-kazakstanda-koronaviruspen-auyrgandarga-arnalgan-stacionarlar-zabyluda/