RU

Алматыда Құрбан айт кезінде 14 полиция бекеті жұмыс істемек

Бұған дейін Алматыда Құрбан айт мерекесімен байланысты уақытша бекеттер қойылатынын хабарлаған едік. Белгілі болғандай жалпы, мегаполис аумағында 14 бақылау-өткізу пункті жұмыс істемек. Тиісті қаулыға оңтүстік астананың бас санитар дәрігері қол қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда блок-бекеттер қайта қойылады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматыға кіреберіске бекеттер қалаға мал тасымалының алдын алу мақсатында қойылмақ.

Полиция 14 бақылау-өткізу бекеті Алматыға кіретін күдік тудырған көліктердің барлығын тексеретінін атап өтті.

Тәртіп сақшылары азаматтарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырады, себебі бұл шаралар ең алдымен мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және қауіпті инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айттың биыл оңтүстік астанада қалай өтетінін айтқан болатын.

Бекшин шаһарда Құрбан айт мерекесіне орай барлық ұйымдарда, медреселер мен жер үйлерде жаппай шаралар өткізуге тыйым салынатынын мәлім еткен болатын.

Сонымен қатар Құрбан айт күндері елімізде мешіттер ашылмайды.

Бұндай шараның барлығы коронавирустың таралуына жол бермес үшін жасалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867155-almatyda-krban-ajt-kezinde-14-policia-beketi-zmys-istemek/