RU

Қазақстанда коронавирустан алты күнде 208 адам көз жұмған

Елімізде 20-26 шілде аралығында COVID-19 инфекциясынан 208 адам қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Өлім жағдайлары еліміздің әр өңірінде тіркелген. 20-26 шілде аралығында:

Ақмола облысы – 7:

Алматы облысы - 10:

Атырау облысы - 4:

Батыс Қазақстан облысы - 12:

Шығыс Қазақстан облысы - 23:

Ақтөбе облысы - 1:

Жамбыл облысы - 28:

Қарағанды облысы – 56:

Қостанай облысы - 3:

Маңғыстау облысы – 8:

Солтүстік Қазақстан облысы – 6:

Түркістан облысы - 2:

Нұр-Сұлтан қаласы – 10;

Алматы қаласы – 38 адам көз жұмған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 793-ке жетіп отыр.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда тағы 1526 адамнан COVID-19 анықталған. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 84 648-ге жеткен.

Індеттен 54 404 адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, 3 тамыздан бастап елімізде 5 шілдеде жарияланған қатаң карантин қайта жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысы кезінде мәлімдеді.

Егер карантин жеңілдетілсе, онда:

  • Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлардың;
  • Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелердің;
  • Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінің;
  • Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондарының қызметіне рұқсат берілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867167-kazakstanda-koronavirustan-alty-knde-208-adam-kz-zmgan/