RU

Алматы өзеніндегі көпіршік: Мамандар суды сараптамадан өткізді

Оңтүстік астананың Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінен алынған су үлгілерін талдау нәтижелері жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Алматы өзеніндегі көпіршік: Мамандар суды сараптамадан өткізді
Фото: kris_p_kz: UGC

Жуырда әлеуметтік желілерде куәгерлер түсірген видео пайда болды. Кадрдан өзендегі судың көпіршіктеніп тұрғанын көруге болады.

"Қазгидрометте" айтылғандай, өзенде жоспардан тыс судың сынамасы алынды. Ол осы жылдың 24 шілдесінде өтті.

Сапа сараптамасы 44 көрсеткіш бойынша жүргізілді. Бірінші күндегі талдау нәтижелері жарияланды деп атап өтті компания.

Сарапшылардың пікірінше, су сапасының Бірыңғай жіктеуішіне сәйкес заттардың ең жоғары нормасынан асып кету анықталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қаласының тұрғыны адамға лық толы ақылы жағажайды видеоға түсіріп алған. Авторды жағажайдың халыққа лық толып кетуі емес, осындай жағдайдың туындауына алып келген бас санитар дәрігердің тыйымдары көбірек уайымдатты.

Айта кету керек, тәртіп бұзғаны үшін басшылыққа 320 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Санитар дәрігерлердің айтуынша, бұл жерде маска тағу, арақашықтық, дезинфекциялық режимдер сақталмаған. Сонымен қатар, бассейн жұмыс істеген, алайда бұған тыйым салынған. Сарапшылардың пікірінше, ақылы жағажай әкімшілігі демалушылардың санына сәйкес келуін және 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867183-almaty-zenindegi-kpirsik-mamandar-sudy-saraptamadan-tkizdi/