RU

Қазақстанда өткен тәулікте 2234 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда өткен тәулікте 2234 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 56 638-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 347

Алматы қаласы - 157

Шымкент қаласы - 18

Ақмола облысы - 153

Ақтөбе облысы - 16

Алматы облысы - 242

Атырау облысы - 40

Шығыс Қазақстан облысы - 193

Жамбыл облысы - 18

Батыс Қазақстан облысы - 72

Қарағанды облысы - 71

Қостанай облысы - 661

Қызылорда облысы - 30

Маңғыстау облысы - 49

Павлодар облысы - 19

Солтүстік Қазақстан облысы - 140

Түркістан облысы - 8

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 56638.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1544 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 86 192-ге жетіп отыр.

Айта кетейік, жақында Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары коронавирус індеті тағы неше уақытқа жалғасатынына болжам жасады.

Ал елімізде 3 тамыздан бастап 5 шілдеде жарияланған қатаң карантин қайта жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысы кезінде мәлімдеді.

Егер карантин жеңілдетілсе, онда:

Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлардың;

Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелердің;

Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінің;

Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондарының қызметіне рұқсат берілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867203-kazakstanda-tken-tulikte-2234-adam-koronavirustan-zazyldy/