RU

COVID-19-ға қарсы вакциналардың болжамды бағасы белгілі болды

Moderna атты америкалық биотехнологиялық компания өздері жасап шығаратын вакцинаға шамамен 50-60 доллар көлемінде баға орнатпақ. Бұл әзірге екпенің жалпы курсына тағайындалған баға. Ал бір дозаның құны 25-30 долларды құрайды деп жазады KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Pxhere
Көрнекі фото: Pxhere: UGC

Америкалық биотехнологиялық компаниялардың вакцинаға орнатқан бағалары жайында сенімді дереккөздеріне сілтеме жасаған Financial Times басылымы хабарлады.

Олардың мәліметінше, бұл бағалар Құрама Штаттар мен табыс деңгейі жоғары мемлекеттерге арналған.

COVID-19-ға қарсы вакцина дайындаумен айналысып жатқан өзге компаниялар өз препараттарын анағұрлым арзанырақ сатуды жоспарлап отыр. Мәселен, америкалық Pfizer мен германиялық BioNTtech мекмелері өз вакцинасының бір дозасын 19,5 долларға бағаласа, британиялық-швециялық AstraZeneca 3-4 доллар көлеміндегі бағаны орнатты.

27 шілде күні Moderna коспаниясы қоронавирусқа қарсы эксперименттік вакцинасының клиникалық сынақтың үшінші сатысына өтіп жатқанын хабарлаған болатын. Оған шамамен 30 мыңға жуық ерікті қатыспақ. Коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл тестілеуіне әлемдік деңгей бойынша ең көп ерікті қатысып отыр.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1544 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 86 192-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867210-covid-19-ga-karsy-vakcinalardy-bolzamdy-bagasy-belgili-boldy/