RU

БАҚ: Ресей екі аптадан кейін COVID-19 вакцинасын шығарады

Ресей әлемдегі алғашқы COVID-19 вакцинасын шығаруды жоспарлап отыр. Көрші елдің шенеуніктері 1957 жылы ғарышқа спутник ұшырғандай, бұл салада да артықшылықты қалайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pexels.com
Көрнекі фото: pexels.com: UGC

CNN басылымына берген сұхбатында Ресей ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Кирилл Дмитриев вакцина 10 тамызда дайын болады деп мәлімдеді.

"Америкалықтар ғарыштан спутниктің дауысын естігенде таңғалған еді. Вакцинамен де солай болады, оған алдымен Ресей жетеді", - деді Дмитриев.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпараттар әлі берілген жоқ. Қазіргі уақытта тестілеудің екінші кезеңінің аяқталғаны туралы мәлімет бар. Вакцинаны Н.Ф. Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы жасаған.

Бірақ тестілеудің үшінші кезеңінсіз вакцинаны ресми түрде тіркеу үлкен алаңдаушылық туғызады. Сыншылар Ресейде вакцина жасаушыларға Кремль тарапынан қатты қысым болып жатқанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салу 2021 жылға дейін басталмайтынын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Джордж Мейсон университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анча Баранова вакцинаны сынақтан өткізу процесін қалай тездетуге болатынын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867244-bak-resej-eki-aptadan-kejin-covid-19-vakcinasyn-sygarady/