Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Мұндай басшылар сирек”: Тұрғындар Талғар ауданы әкімін ақтық сапарға шығарып салды

Опубликовано:

Талғар ауданының тұрғындары мен марқұмның жақындары Жолан Омаровты ақтық сапарға шығарып салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы dalanews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz: Instagram

Жолан Омаровпен жұрт қимастықпен қоштасты. Марқұмды кіндік қаны тамған Алматыдан 100 шақырым жердегі Беріктас ауылында жер қойнына тапсырды.

Талғар ауданы әкімдігінің алдына Жолан Омаровтың суреті қойылды. Ал жергілікті тұрғындар гүл қойып, рухына тағзым жасады.

Кісілігі мен кішілігі бір төбе, туралығы бір төбе болған азаматтың қазасы кімге де болса оңай тиген жоқ. Артында төрт бірдей перзенті, асыл жары, ағайын-жұрты қалды.

Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz: Instagram

Белгілі ақын Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмды “елдің ықыласына бөленген әкім” деп атады.

“Ыбырайақын ағамыз бен шешемізге, Ұлан бауырымызға, Жоланның жағасына кір қондырмай, күндіз-түні қас қабағын күзеткен, алтын асықтай төрт перзент сыйлаған Тоғжан келінге басу айттық. Жағдайға қарамастан жер қайысқан халық жиналды. Екі жастың біріне келмей ел-халықтың ықыласына бөленген Азаматтың иман нұры пейіште шалқысын.Халықтың махаббатына, шапағатына бөленген мұндай басшылар сирек”, – деді қаламгер.

KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның жақындарына көңіл айтады!.

Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz: Instagram

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданының әкімі 41 жасында дүние салғанын хабарлағанбыз.

Жолан Омаров 27 шілдеде таңғы сағат бесте қайтыс болған. Ол екі апта бұрын пневмониямен ауруханаға жатқызылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867271-mndaj-bassylar-sirek-trgyndar-talgar-audany-kimin-aktyk-saparga-sygaryp-saldy/

pixel