RU

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше екі аптаға жартылай жабылады

Нұр-Сұлтан қаласында Қошқарбаев даңғылы 12 тамызға дейін жартылай жабылды. Жүргізушілер маршрутын алдын ала жоспарлауы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше екі аптаға жабылады
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты: UGC

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Қошқарбаев даңғылында Сарыкөл көшесінен Қордай көшесіне дейін жол құрылысын салу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған орай 28 шілде мен 12 тамыз аралығында көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген басқарма хабарламасында.

Айта кетейік, 3 тамыздан бастап елімізде 5 шілдеде жарияланған қатаң карантин қайта жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы күні кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысы кезінде мәлімдеді.

Егер карантин жеңілдетілсе, онда:

Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлардың;

Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелердің;

Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінің;

Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондарының қызметіне рұқсат берілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867278-nr-sltanda-birnese-kse-eki-aptaga-zartylaj-zabylady/