RU

Адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті қанша уақытқа жетеді

COVID-19-дан жазылғандардың ағзасында пайда болатын антиденелер мәңгі сақталмайды. "Вектор" орталығындағы зертхана меңгерушісі Илназ Иматдинов осындай мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті қанша уақытқа жетеді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Маманның пікірінше, коронавирустан жазылған адамның денесіндегі антидене бірнеше ай ғана сақталады.

"Адамдар коронавирустың жеңіл түрімен ауырған кезде, олардың антиденелері бірнеше айға дейін сақталады, содан кейін жоғалады", - деді дәрігер "Россия 24" арнасына.

Осыған байланысты зертхана басшысы адамзат жаңа коронавирусқа қарсы иммунитетті дамытып жатқанын және жақын арада вакцинацияның мүлде қажеті болмайды деген пікірмен келіспейтінін айтты.

Егер бұл шынымен солай болса, жақсы болар еді. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта эпидемиологиялық зерттеулер өзге жағдайды көрсетіп отыр", - деді ғалым.

Сондықтан, ол коронавирустан жазылған адам қайтадан ауыруы мүмкін бе деген сұрақты ашық қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, танымал дәрігер әрі тележүргізуші Евгений Комаровский адамның коронавирусты жұқтырып, одан жазылып шыққанын қалай анықтау керектігін айтты.

Сондай-ақ, ол коронавируспен ауырып, жазылған жағдайда да қолды мұқият жууға және өзгелермен байланыс жасауды шектеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867352-adamdardy-koronaviruska-karsy-immuniteti-kansa-uakytka-zetedi/