RU

Алматыда карантин кезінде хиджама орталығы жұмыс істеген (видео)

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген хиджама орталығы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда карантин кезінде хиджама орталығы жұмыс істеген (видео)
Фото: Polisia.kz: Getty Images

Алматы қаласы Алмалы ауданы аумағында шектеу шараларының сақталуын бақылау және қадағалау кезінде жеке кәсіпкерлерге карантин кезінде салынған тыйымдарға қарамастан, режимді бұзумен жұмыс істеген дәстүрлі емес медицинаның қан алдыру (хиджама) орталығы анықталды.

"Мұндай орталықтар көптеген келушілерді қабылдайды, сондықтан жоғары қауіп төндіретін топқа кіреді. Өткен күні мониторинг барысында адамдарды қан алдыру рәсімі үшін қабылдаған, қан алдыру (хиджама) орталығы анықталды.

Айта кету керек, тексеру кезінде орталықта 25-тен астам адам болған. Қызметтің бұл түрі лицензияланбаған. Алайда, бұл процедураны клиенттерге (пациенттерге) өткізетін жұмысшылар өздерін медицина мамандары деп атайды. Шындығында оларда тиісті білім жоқ.

Осы объектіде анықталған бұзушылықтар туралы материалдар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасы аясында шаралар қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментіне жолданды", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Айта кетейік, Қостанай облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатқандар анықталды. Енді бұл дәріхана иелері ірі көлемде айыппұл төлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867370-almatyda-karantin-kezinde-hidzama-ortalygy-zmys-istegen-video/