Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды

Опубликовано:

Мәскеуде көз жұмған қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне күдікті ретінде ұсталған Муртузали Меджидовке қатысты бұлтартпау шарасы қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Томирис Байсафа. Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna
Томирис Байсафа. Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna: Depositphotos

Ресейлік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дағыстан Республикасының бұрынғы премьер-министрінің ұлы қазір тергеу изоляторында.

Мәскеудің Басман соты оны екі айға (28 қыркүйекке дейін) қамауға алуға санкция берген Сот шешімі кеше, 29 шілдеде жарияланған.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 3 мамырында Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды.

Ресей тарапы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғада.

Сонымен қатар, тергеу органдары марқұмның өзіне қол салуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырған. Алайда Томирис Байсафаның анасы өмірге құштар қызының өзін өлтіруі мүмкін емес екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық арудың өліміне қатысты істе Дағыстанның бұрынғы премьерінің ұлының есімі де аталған еді. Олардың жақын қарым-қатынаста болғаны да айтылған. Кейін одан жауап алынғаны да хабарланды.

Бұл қайғылы жайтқа байланысты Томиристің анасы дағыстандық саясаткердің отбасына үндеу жасаған болатын.

Ал 28 шілдеде Муртузали Меджидовтің ұсталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867389-tomiris-bajsafany-limi-dagystanny-eks-premerini-ly-kamauga-alyndy/

pixel