RU

Қазақстанда тағы 1472 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1472 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664-ке жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Ресми мәлімет бойынша, өткен тәулікте COVID-19 анықталған 1472 адамның 644-інде клиникалық белгілері жоқ.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 226 / 104

Алматы қаласы - 208 / 107

Шымкент қаласы - 55 / 34

Ақмола облысы - 59 / 36

Ақтөбе облысы - 24 / 13

Алматы облысы - 69 / 46

Атырау облысы - 64 / 52

Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 66

Жамбыл облысы - 52 / 24

Батыс Қазақстан облысы - 79 / 46

Қарағанды облысы - 107 / 25

Қостанай облысы - 67 / 19

Қызылорда облысы - 54 / 30

Маңғыстау облысы - 44 / 8

Павлодар облысы - 65 / 14

Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 4

Түркістан облысы - 23 / 16

Еске сала кетсек, 29 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын.

Осыдан кейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867390-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-88-myga-zuyktady/