RU

17 тамызға дейін карантин: Қазақстанда сауда үйлері мен салондар қашан ашылады

ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Қазақстан премьер-министрінің орынбасары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантинді ұзарту туралы тапсырмасынан кейін ведомствоаралық комиссияның шешімі туралы хабарлады - шектеулер ресми түрде қабылданды, карантин 17 тамызға дейін жалғасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда сауда үйлері мен орталықтарының қашан ашылатыны белгілі болды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Қазақстанда екі апталық карантиннен кейін шектеу шаралары жеңілдетіле бастайды. Демек, кейбір нысандар тек 17 тамыздан бастап ашылады.

17 тамыздан бастап Қазақстанда:

Сауда және ойын-сауық орталықтары;

сауда үйлері;

уақыты шектеулі бөлшек сауда желілері;

жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар;

балалардың түзету бөлмелері;

білім беру орталықтары;

балаларды дамыту орталықтары;

үйірмелер;

кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі мекемелер;

сұлулық салондары;

шаштараздар;

косметологиялық орталықтар;

маникюр және педикюр орталықтары қызметін бастайды деп жоспарлануда.

5 тамызға дейін Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың ресми тізімін дайындайды, онда маска мен қашықтық режимін сақтау және дезинфекциялау міндеттері көрсетілген.

Тоғжановтың айтуынша, 17 тамыз күні әрбір нысанның ережелерді қатаң сақтағаны тексеріледі - тек барлық талаптарды орындағандарға ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Премьер-министрдің орынбасары Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталғанын - алдағы 2 аптада бұл нәтиже сақталатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантиннің тағы 14 күнге созу қажеттігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867529-17-tamyzga-dejin-karantin-kazakstanda-sauda-jleri-men-salondar-kasan-asylady/