Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балабақшалар карантин кезінде жұмыс істей ала ма

Опубликовано:

ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-премьер еліміздегі карантиннің мерзімі 17 тамызға дейін ұзартылғанына қарамастан, елдегі балабақшалардағы кезекші топтар жұмыс істей бастай ма деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балабақшалар карантин кезінде жұмыс істей ала ма
Көрнекі фото: pixabay.com/ru: UGC

Ералы Тоғжанов балабақшаларда кезекші топтардың жұмыс істей алатынын айтты. Бұл топтарға ата-анасы қашықтан жұмыс істей алмайтын балалар ғана қатыса алады.

БАҚ өкілдері бұған дейін маска киюдің қажеті жоқ деген ақпараттың болғанын хабарлады.

Сондай-ақ, журналистер балалар қай жаста маска кию керек екенін сұрады.

Бұған жауап ретінде Алексей Цой барлық адамға маска кию керек деп жауап берді. Бұл ереже балаларға, оның ішінде нәрестелерге де қатысты екенін білдіреді.

Өз кезегінде премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау қазіргі жағдайда міндетті болып қалуы керек екенін алға тартты.

Тоғжанов әңгіменің қоғамдық орындар туралы болып отырғанын және мұндай жерлерде маска киіп, басқа адамдар туралы да ойлану қажет екенін айтты.

"Үйренетін кезіміз болды. Соңғы тәулік ішінде 1472 адам вирус жұқтырды. Бұл аз көрсеткіш емес. Маска киіп, қашықтықты сақтаңыз. Ал мекеме иесі енді мейрамханада, көшеде нысанға келушілер мен жұмысшылардың арасындағы қашықтықты 1,5-2 метрге дейін сақтамағаны үшін жеке жауап береді", - деді ол.

Ол бұл шаралар уақытша екенін және қауіпті инфекцияның таралу тізбегін тоқтату үшін енгізілетінін тағы бір мәрте еске салды.

Айта кетейік, қазақстандықтарға тамыз айында 42500 теңгенің жартысы төленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867536-balabaksalar-karantin-kezinde-zmys-istej-ala-ma/

pixel