RU

Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 1702 адам жазылып шықты

Қазақстанда өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан 1702 адам толығымен айығып кеткені белгілі болды. Олар ауруханадан шығып, үйлеріне оралған деп жазады KAZ.NUR.KZ Сoronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.: Original

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 170

Шымкент қаласы - 47

Ақмола облысы - 83

Атырау облысы - 315

Шығыс Қазақстан облысы - 272

Жамбыл облысы - 342

Батыс Қазақстан облысы - 189

Қарағанды облысы - 78

Қостанай облысы - 80

Қызылорда облысы - 11

Маңғыстау облысы - 11

Павлодар облысы - 2

Солтүстік Қазақстан облысы - 46

Түркістан облысы - 56

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 59517.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы аумағында өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 1414 адамнан табылғанын жазған болатынбыз. Мемлекет бойынша бүгінде қауіпті індетті жұқтырып алғандардың саны 89 мыңнан асып кетті.

Оған қоса, бүгін 31 шілде күні барша қазақстандықтар қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлауда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оларға өз құттықтауын жолдап, ақ тілегін арнады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та барша қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен арнайы құттықтады. Президент құттықтауының мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867578-elimizde-tken-tulikte-koronavirustan-1702-adam-zazylyp-sykty/