RU

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі
Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі: UGC

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті растады.

"Еліміздің қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғанын растайды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу амалдарының жүріп жатқаны белгілі болды.

ҚР қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға болмайды. 

Айта кетейік, Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867723-densaulyk-saktau-vice-ministri-olzas-bisev-staldy/