Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөлде 17 жастағы көз жұмды: Желіде оқиға орнынан видео пайда болды

Опубликовано:

Бұған дейін Алматы облысы Алакөл ауданындағы Көктұма ауылында жар құлап, 17 жастағы қыздың қаза болғаны хабарланған еді. Желіде оқиға орынан видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Алматы телеарнасы
Фото: Алматы телеарнасы: UGC

Видео мен қайғылы жағдайдың мән-жайы туралы ақпаратты Алматы телеарнасы ұсынды.

Оқыс оқиға пансионаттардың бірінің маңында болған.

Телеарнаның ауданның ТЖБ сілтеме жасап жазуынша, биіктігі 2-3 метрлік жар құлаған. Бойжеткен сол кезде оның жанында тұрған. Курортты өңірге бірнеше күн бұрын келген демалушы алған ауыр жарақатының салдарынан көз жұмған.

Оқиғадан басқа зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, 23 шілдеден бастап Үржар ауданы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалушыларды демалыс және тұру орындарында қабылдау тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Ал 23 шілдеге дейін келген демалушыларға жолдама мерзімі аяқталғанға дейін демалыс базаларында қалуға рұқсат етілген болатын.

Сонымен қатар, Үржар ауданы әкіміне және аудандық полиция бөліміне Алакөл көліне апаратын автожолдардағы мобильді бекеттердің жұмысын қамтамасыз ету және қоғамдық құқықтық тәптіптің сақталуын қадағалау жөнінде тапсырма берілген етін.

Алайда 24 шілдеде Алакөл туристік аймағы карантинге жабылмайтыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1867789-alaklde-17-zastagy-kz-zmdy-zelide-okiga-orynan-video-pajda-boldy/

pixel