RU

Қазақстанда тағы 1069 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1069 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 92 662-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ресми мәлімет бойынша, өткен тәулікте COVID-19 анықталған 1069 адамның 499-ында клиникалық белгілері жоқ.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 221 / 87

Алматы қаласы - 207 / 94

Шымкент қаласы - 31 / 24

Ақмола облысы - 57 / 33

Алматы облысы - 33 / 22

Атырау облысы - 30 / 28

Шығыс Қазақстан облысы - 102 / 34

Жамбыл облысы - 48 / 32

Батыс Қазақстан облысы - 69 / 42

Қарағанды облысы - 88 / 25

Қостанай облысы - 58 / 35

Қызылорда облысы - 7 / 5

Маңғыстау облысы - 12 / 1

Павлодар облысы - 30 / 8

Солтүстік Қазақстан облысы - 55 / 11

Түркістан облысы - 21 / 18

Еске сала кетсек, бүгіннен бастап елімізде қатаң карантин тағы екі аптаға созылды.

Айта кетейік, 29 шілдеде президент мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын. Осылайша елімізде шектеу шаралары 17 тамызға дейін жалғасады.

Сонымен қатар 2 тамызда Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңартылған статистика жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867790-kazakstanda-tagy-1069-adamnan-koronavirus-anyktaldy/