RU

Тоқаев COVID-19 пен өкпе қабынуынан көз жұмғандар саны әлі де жоғары екенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты палуан Жақсылық Үкемпіровтің қазасын зор күйзіліспен қабылдағанын, сонымен қатар елімізде коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Бұл туралы президент Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр.
Даңқты палуан, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары.

Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес", - дейді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, 3 тамызда грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің 69 жасында өмірден озғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867807-kabyrgama-batty-tokaev-covid-19-pen-kpe-kabynuynan-kz-zmgandar-sany-li-de-zogary-ekenin-ajtty/