RU

"Аңыз адам еді": Өнер жұлдыздары Жақсылық Үшкемпіровты еске алуда

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары белгілі қазақ спортшысы Жақсылық Үшкемпіровтың мезгілсіз қазасына орай оның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтуда. Өнер иелері даңқты палуанның өмірден өткені туралы қаралы хабарды аса ауыр қабылдаған. Олар марқұмды еске алып, әлеуметтік желілерде оған жантебірентерлік жазбаларды арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Instagram

Әнші Меруерт Түсіпбаева алғашқылардың бірі болып, Instagram парақшасында Үшкемпіров туралы әсерлі жазбасымен бөліскен.

"Қазақ елі, тағы бір тұлғасынан айырылды. Халқыма, Жакеңнің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Батыр ағамыз мәңгілік ел жүрегінде қалмақ. Иманды болыңыз" , - деп жазды ол.

Мақпал Жүнісова да әлеуметтік желі арқылы белгілі спортшының отбасына көңіл айтып, олардың орны толмас қайғысына ортақтасты.

"Қазағымыздың алғашқы чемпионы, ұлтымыздың жанашыры, нар тұлғасы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз өмірден озды,туған еліне адал қызмет еткен тау тұлғамыздың иманы саламат болсын. Артында қалған ұрпағына ұзақ ғұмыр берсін, жұмақтың төрінде болғайсыз ардақты аға, топырағыңыз торқа болсын" , - деп жазды өнер иесі.

Жақсылық Үшкемпіровты есіне алып, оған жантебірентерлік жазбаларды арнаған жұлдыздар арасында Алтынай Жорабаева, Ғазизхан Шекербеков, Қайрат Мырзаханов, Гүлнұр Оразымбетова, Абай Бегей, Бағлан Әбдірайымов, Бағынбек Имаш және т.б бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867809-ayz-adam-edi-ner-zldyzdary-zaksylyk-skempirovty-eske-aluda/