RU

Үлкен Алматы өзенінде көлігін жумақ болған ер адам айыппұл арқалады

Үлкен Алматы өзеніне көлікпен кіріп кеткен жүргізушіге айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Үлкен Алматы өзгенінде көлігін жумақ болған ер адам айыппұл арқалады
Фото: Видеодан кадр: UGC

ҚР ІІМ ресми сайты атап өткендей, аталған факті әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке жария болған. Полиция дереу әрекет еткен.

"Көрсетілген көліктің жүргізушісі дереу анықталды. Оған қатысты шараны қолдану үшін ер адам бөлімшеге жеткізілді. Тәртіп бұзушы 35 жастағы азамат болып шықты. Ол бұл әрекетін 30 шілде күні жасаған. Ер-азамат көлігінің дөңгелектерін жуу үшін өзенге кіріп кеткенін түсіндірді. Ол өз кінәсін толық мойындады. ҚР ӘҚБтК- нің 434-2-бабына сәйкес құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоғамдық орынды ластағаны үшін 5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл арқалады", - деді Алматы қаласы ПБ жергілікті полиция бөлімінің бастығы Манап Саттаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көбейтұзға көлігімен кіріп кеткен жүргізушінің халықтан кешірім сұрағанын хабарлаған едік.

Жол талғамайтын көлікпен Көбейтұз көліне кіріп кеткен жүргізушінің видео үндеуі полиция бөлімшесінде түсірілген.

Құқық бұзушының айтуынша, ол сол күні Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқан, жол-жөнекей соңғы уақытта желіде жиі айтылып жүрген қызғылт түсті көлге тоқтауға бел буған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867871-lken-almaty-zgeninde-kligin-zumak-bolgan-er-adam-ajyppl-arkalady/