RU

COVID-19 статистикасына неліктен мыңдаған пневмония қосылмайды: Министрлік түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте коронавирус және пневмонияның біріктірілген жаңа статистикалық мәліметтеріне неге республикада тамыздан бастап тіркелген пневмония деректері ғана қосылатынын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі неге COVID-19 статистикасына мыңдаған пневмонияны қоспайтынын түсіндірді
Фото: Andrey Rudakov/Bloomberg/Getty Images: Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда 230 мыңнан астам пневмония жағдайы тіркелген. Оған пневмонияның барлық, тіпті вирустық түрі де кіреді.

1 тамыздан бастап министрлік ДДСҰ ұсынысы бойынша, COVID-19 жағдайын коронавирусқа ұқсас пневмониямен біріктірді. Алайда, денсаулық сақтау ведомствосы 2020 жылдың басынан тіркелген пневмонияның мыңдаған жағдайын жаңа статистикалық мәліметтерге қоспай, жаңадан қайта санай бастауға шешім қабылдады. Яғни, тек тамыз айынан бастап анықталған жаңа жағдайлар ғана статистикаға қосылады.

Шілде айында пневмонияның өршіп, шарықтау шегіне жеткен кезеңі де есепке алынбайды.

Цойдың айтуынша, бұрын анықталған пневмонияны COVID-19 ұқсастығына қайта қарау науқастарды емдеумен айналысып жатқан дәрігерлердің жұмысын ауырлатады.

"Істерді кодтау және оларды ақпараттық ресурстарға енгізу кезінде дәрігерлерге үлкен ауыртпалық түседі. Таңдау керек – не дәрігерлер пациенттерді емдейді, не іріктеумен айналысады", – деді министр.

Осы арада денсаулық сақтау министрлігі Цойдың мәлімдемесі бойынша, ДДСҰ-ға Қазақстанның жаңа статистикасын жіберді. Жақын арада әлемдік рейтингтегі еліміздің ауру бойынша көрсеткіші жоғары болады.

Мәселен, 1 тамызда Қазақстанда коронавирустың 1 266 жағдайы және пневмонияның 5181 жағдайы анықталды.

Осылайша, елдегі күн сайынғы өсім енді әдеттегі 1400-1500 жағдай емес, одан да көп болады.

Еске салсақ, Қазақстанда вирустан өлім-жітім саны неліктен аз тіркеледі деген сұраққа министр жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867885-covid-19-statistikasyna-nelikten-mydagan-pnevmonia-kosylmajdy-ministrlik-tsindirdi/