RU

Ресей мен Қазақстан арасында әуе қатынасы қашан жанданады

Air Astana әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы қашан ашылатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Өткен демалыс күндері бірқатар БАҚ өкілдері Ресейдің Қазақстанмен арадағы шекараны қазан айынан ерте ашпайтынын жазған болатын.

Бұл мәселеге Air Astana әуе компаниясы пікір білдірді. Компанияның баспасөз қызметі рейстердің қайта жандануы коронавирусқа қатысты жағдайға тікелей байланысты болатынын мәлімдеді. Аталған шешімді Ресей мен өзге де елдердегі эпидемиологиялық жағдайды жүйелі түрде саралап отырған Қазақстан билігі қабылдайды.

Компанияның мәліметінше, елімізден Ресейге әуе қатынасы қалпына келген жағдайда, бірінші кезекте рейстер Мәскеу мен Санкт-Петербург бағытында жүзеге асырылмақ.

"Ресейдің өңірлеріне әуе рейстер күзгі-қысқы навигация кезеңінен ерте ашылмайды", – дейді әуе тасымалдаушы компания өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин үкімет отырысында 1 тамыздан бастап халықаралық бағыттарда қатынайтын рейстер қайта қалпына келетінін мәлімдеген болатын.

Үкімет басшысының орынбасары Татьяна Голикованың мәлімдеуінше, халықаралық бағыттар бойынша үш елге – Ұлыбритания, Түркия және Танзанияға әуе рейстері қатынайды. Тізім тағы да кеңейтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867911-resej-men-kazakstan-arasynda-ue-katynasy-kasan-zandanady/