RU

Тұрғымбаев "Қазпошта" бұрынғы басшысының Ішкі істер министрлігінде не істейтінін түсіндірді

Жаңадан тағайындалған Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Нұр-Сұлтандағы ұжыммен таныстырылды. Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ол ведомстводағы цифрландыру мәселелеріне жауап береді деп жазады KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғымбаев "Қазпошта" бұрынғы басшысының Ішкі істер министрлігінде не істейтінін түсіндірді
Фото: facebook.com/SarsenovSaken: Depositphotos

Жақында Ішкі істер министрлігінің құрылымы ауқымды цифрландырудан өтеді. Сондықтан "Қазпошта" АҚ экс-басшысы Сәкен Сәрсенов ішкі істер вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, ол ведомствоға Ішкі істер министрлігінің бірқатар қызметтерін электронды форматқа көшіруге, сондай-ақ министрліктегі заңбұзушылықтар туралы сандық мәліметтер базасын жасауға көмектеседі.

Қазақстан полициясының басшысы жоспарлы іс қағаздарын автоматтандыру министрлікке ішкі істерді жеделдетіп, ведомстводағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және құқық қорғау жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетінін айтады.

Айта кету керек, Сәкен Сәрсенов ішкі істер вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сәкен Сәрсеновтың ішкі істер вице-министрі қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867935-trgymbaev-kazposta-bryngy-bassysyny-iski-ister-ministrliginde-ne-istejtinin-tsindirdi/