RU

Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналған: Марқұмның туыстарына айыппұл салынды

Ақтауда марқұм Бибіжамал Аблазимованың жаназасына жиналған адамдар үшін оның туыстарына әкімшілік хаттама толтырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналған: Марқұмның туыстарына айыппұл салынды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша марқұмның туыстарынан айыппұл салынды.

"Туыстарына қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды", - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Ж. Бақтыбаев.

Туыстарының айтуынша, жиналғандардың көпшілігі ағайын, жақын адамдар.

Еске салсақ, Маңғыстауда 3 тамыздан бастап жаңа карантин талаптары қайта күшейтілді. Тиісті қаулыға сәйкес, 3 тамыздан бастап облыста барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салынды.

Айта кетейік, күні кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министріне Қазақстандағы карантиннің болашағы жайлы сұрақ қойылды. Covid-19 статистикасына пневмония көрсеткішінің қосылуына байланысты ауырғандар саны артады. Цой статистиканың өсуі шектеулерді ұзартуға себеп бола ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867952-aktauda-zanazaga-100-den-asa-adam-zinalgan-markmny-tuystaryna-ajyppl-salyndy/