RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 94 мыңға жуықтады

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1158 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 93 820-ға жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Қазақстанда өткен тәулікте 1158 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 555 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 220 / 108

Алматы қаласы - 178 / 96

Шымкент қаласы - 31 / 26

Ақмола облысы - 56 / 34

Ақтөбе облысы - 5 / 0

Алматы облысы - 52 / 29

Атырау облысы - 35 / 22

Шығыс Қазақстан облысы - 124 / 46

Жамбыл облысы - 47 / 12

Батыс Қазақстан облысы - 61 / 34

Қарағанды облысы - 90 / 23

Қостанай облысы - 57 / 42

Қызылорда облысы - 42 / 28

Маңғыстау облысы - 25 / 18

Павлодар облысы - 67 / 27

Солтүстік Қазақстан облысы - 51 / 4

Түркістан облысы - 17 / 6

Еске сала кетсек, кешеден бастап елімізде қатаң карантин тағы екі аптаға созылды.

Айта кетейік, 29 шілдеде президент мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын. Осылайша елімізде шектеу шаралары 17 тамызға дейін жалғасады.

Сонымен қатар 2 тамызда Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңартылған статистика жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867956-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-94-myga-zuyktady/