RU

Денсаулық сақтау министрлігіне ПТР сынақтары үшін ақша бөлінді

Үкіметтің резервінен денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 вирусын анықтау бойынша ПТР тест жүргізу үшін қаржы бөлінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Қаржы 1 200 000 зертханалық зерттеу жүргізу үшін бөлінген.

"ПТР тест өткізу арқылы коронавирусты анықтау бойынша 1 020 000 зертханалық зерттеу министрлікке қарасты "Ұлттық сараптама орталығында", ал қалған 180 000 зерттеу денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығында" жүргізілетін болады.
Одан бөлек ағымдағы жылдың маусым айында 225 600 тест жеткізілген", - делінген хабарламада.

Комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде сатып алу процедурасының бәрі жүргізіліп, тасымалдаушымен 554 000 тестті жеткізу бойынша келісімшарт жасалып қойған. Онда тесттер бір-екі аптаның ішінде келетіні айтылған.

"Сонымен қатар Ұлттық сараптама орталығы азаматтарды тестпен барынша қамту үшін мемлекеттік және жеке зертханаларды да тартып отыр. 2020 жылдың 2 тамызындағы жағдай бойынша республикада 239 646 дана тест қалған. Бұл мөлшер – алдағы екі аптаның қажеттігін жауып тұр", - деді ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстанда карантин мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы түсінік берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867961-densaulyk-saktau-ministrligine-ptr-synaktary-sin-aksa-blindi/