RU

Коронавирустан жазылып шыққан Дана Нұржігіт Алакөлде демалып қайтты (видео)

Жақында ғана коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлаған Дана Нұржігіт Алакөлде демалып қайтты. Белгілі тележүргізуші жазғы демалысын қалай және кіммен өткізгені жайлы бар шындықты айтты. Ол аталмыш көлге бұрын-соңды мүлдем барып көрмеген болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dana_nurzhigit.
Фото: Instagram/dana_nurzhigit.: Facebook

Дана Нұржігіт Алакөл мекені өзін мәңгіге ғашық еткенін жасырмай айтты. Белгілі болғандай, тележүргізуші бұл демалысын мүлдем жоспарламаған. Ол оңтүстік астанаға игі іспен тыныс алу аппараттарын күтіп алуға арнайы келген.

Алайда, артынан ақпарат өкілі отбасымен одан ары қарай, Үшаралға демалысқа ұшып кеткен. Дана Нұржігіт өтіп кеткен демалысы туралы Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі түрде баяндап берген.

"Өткенде "Екінші тыныс" шарасының аясында Гуанджоудан келген аппараттарды қарсы алу үшін отбасымызбен Алматыға барып,арғы жағынан Үшаралға ұштық.Алакөлге. Бұрын соңды болмаған жерім екен. Мәңгілікке ғашық етті! Үшаралдың бұрын әскери аэродромы болған әуе жайы, бұрынырақта өзім болған Италияның кішкентай ғана Римини деген қаласының ұшақ бекетін есіме салды. Кішкентай, таза, жайлы екен. Ұшақта маска тағып, ас-су ішпедік. Үшаралдан көлікпен бір сағаттай Ақши ауылына жүрдік. Атасудан шыққан тас жол салынып жатыр, мердігер компаниялардың жұмысы тоқтамаған.

Дайын жерлері тақтайдай тегіс, ал салынып жатқан жерлері төмендеу тұста екен. Бірақ, ол жағы аса бір қажытты дей алмаймын. Жан-жағымыздағы табиғат, Жоңғар Алатауы, түрлі дақылдар өсіп тұрған далада еңбек етіп жатқан жұртты көріп көңілім семірді. Алакөл жағалауын демалыс орындарна айналдыру жұмыстары қолға алынған 2014 жылы мұнда келушілердің саны шамамен 140.000 болған екен. Пандемияға дейін 1,5 млн дейін өскен! Биыл, әрине, мұндай көрсеткіш жоқ. жартысынан кем.

Үлкенді кішілі демалыс орындар мынандай жағдайда келуге тәуекел еткен клиенттерінің асты-үстіне түсіп,қызмет етіп жүр." Адам аз.Ал ,біздің жұмыс сезонный. Сондықтан қалай болғанда да ақша тауып үлгеруіміз керек" дейді. Кішкентай Ақшидің көшелеріне асфальт төселіп,кешке жап-жарық болып тұрады екен. (әрине бүкіл ауылды аралап шықтым демеймін)Халқы еңбекқор,жұмысқа епті. Тәуекелге барып Алакөлде үлкен люкс қонақ үйлер салған кәсіпкерлерге іштей алғыс айттым. Неге десеңіз, салған ақшалары дәл қазір" , - деп жазды ол.

Оған қоса, Дана Нұржігіт демалысы кезінде түсірген видеоларымен де бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867976-koronavirustan-zazylyp-sykkan-dana-nrzigit-alaklde-demalyp-kajtty-video/