RU

Қазақстанда коронавирустан тағы 33 адам көз жұмды

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысында коронавирус індетіне қатысты соңғы статистиканы жария етті. Онда өткен тәулікте елімізде қауіпті дерттен 33 адамның көз жұмғаны көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter
"3 тамыздағы жағдай бойынша елімізде Covid-19 жұқтырған 93 820 науқас тіркелді. Олардың ішінде 27 597 пациент ем алып жатыр. 65 132 науқас жазылып шықты. Коронавирус індетінен 1 091 адам қайтыс болды", - деді Цой.

Cоңғы деректерге жүгінсек, елімізде өткен тәулікте қауіпті індетті жұқтырған 1158 адам тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді тапсырған болатын.

Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетінін хабарлады.

2 тамызда Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңартылған статистика жарияланды.

Сонымен қатар, кешеден бастап елімізде қатаң карантин тағы екі аптаға созылды.

Айта кетейік, 29 шілдеде президент мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын. Осылайша елімізде шектеу шаралары 17 тамызға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867977-kazakstanda-koronavirustan-tagy-33-adam-kz-zmdy/