RU

Испанияның бұрынғы королі жемқорлық үшін айыпталғаннан кейін елден қашып кетті

Испанияның бұрынғы королі 82 жастағы Хуан Карлос сыбайлас жемқорлық жанжалының аясында елден кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

иииии
Хуан Карлос. Фото: Daniel Perez/Getty Images: UGC

Бұл туралы бұрынғы король өзінің ұлы король Филиппке жазған хатында хабарлады. Филипп VI әкесінің қабылдаған шешімі үшін алғыс айтты деп жазады Daily Express.

Хуан Карлос 2014 жылы қызметінен кеткен. Испаниялық монархтар өздерінің билігі кезінде қолсұқпаушылыққа ие болады, бірақ биліктен бас тартқан соң тергеу жүргізіледі. Хуан Карлостың айтуынша, бас тарту себептерінің бірі оның ұлына деген алаңдаушылығы болған.

"Мен баламның Чарльз сияқты құлдырап кеткенін қаламаймын", – деген еді король сол кезде.

2018 жылы патшаның жасырған миллиондары туралы ақпарат баспасөз беттерінде жарық көрген шақта күрделі жанжал басталды.

2020 жылы маусымда Испанияның Жоғарғы соты Хуан Карлостың Сауд Арабиясындағы теміржол қатынасына байланысты келісімшартқа қатысы бар-жоғын тергеуді бастады.

Алайда Испанияның El Mundo газеті экс-патшаның достарына сілтеме жасай отырып, бұрынғы монархтың қуғында қалуды жоспарламайтыны туралы хабарлайды. Ол қыркүйек айында елге оралуды қарастыруда.

Хуан Карлостың әйелі, 80 жастағы София патшайым патшалық отбасының ресми резиденциясы – Сарсуэла сарайында тұруды жалғастырады. Қазіргі патшаның анасының болжалды тағылған айыптарға ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан, ол соңғы алты жылдағыдай өз қызметін әрі қарай жалғастыруда.

Еске сала кетсек, жақында Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталған болатын.

Кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалып, екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867980-ispaniany-bryngy-koroli-zemkorlyk-sin-ajyptalgannan-kejin-elden-kasyp-ketti/