RU

Атышулы пластикалық хирург Роман Алферов бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласында дәрігер Роман Алферовқа сот үкімі шықты. Пациентінің жантүршігерлік өліміне себепкер болған пластикалық хирургті судья 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, айыпталушымен бірге марқұмның өлімі үшін реаниматолог пен кезекші дәрігер де сотқа тартылған болатын.

Телеарна мәліметінше, қылмыстың уақыты өтіп кеткеніне байланысты екеуі жазадан құтылып кеткен. Алферовтан да осыған байланысты негізгі айыптау бабы алынып, хирургке "кәсіби міндетін өз деңгейінде орындамағаны үшін" деген жаза кесілді.

Онлайн сот отырысында марқұмның жақындары шешімге көңілдері толатынын білдірді.

Олар атышулы хирург мүлде жазадан құтылып кете ме деп ойлағандарын жасырған жоқ.

Марқұмның туыстары оның себептері бар екенін айтты.

Қайғылы жағдай 2017 жылдың желтоқсан айында болса, Алферов арада екі жыл өткенде барып, яғни 2019 жылдың қарашасында ғана сотқа тартылды деп отыр.

Еске сала кетсек, сот ісіне оңтүстік астананың 44 жастағы тұрғыны Жанна Рахманованың өлімі негіз болды. Марқұм ішіндегі және жамбасындағы майын алғызу үшін Роман Алферовтің клиникасына жүгінген. Ол отадан 19 сағат өткен соң өмірден озды.

"Осыған орай, сот тергеу органдарына қатысты бұл істі созбалаңға салғаны үшін созбалаңға салу фактісі бойынша жеке ұйғарым шығарды. Қазіргі таңда аталмыш үкім заңды күшіне енбеді", - Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысының түрғыны күйеуін өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған болатынбыз. Айыпталушының бірінші күйеуі де осыдан 15 жыл бұрын айыпталушы әйелдің қолынан қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867990-atysuly-plastikalyk-hirurg-roman-alferov-bas-bostandygynan-ajyryldy/