RU

Білім күні қалай өтеді: Аймағамбетов жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында елімізде осы жылы білім күні қалай ұйымдастырылатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Instagram

"1 қыркүйек - Білім күнін онлайн режимде өткізуді жоспарладық", - деді Аймағамбетов.

Оның сөзінше, жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылмақ.

"Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету өте маңызды. Біз бұны төртінші тоқсанның нәтижесінде көрдік. Сол себепті тамызда балаларға және ата-аналарға үйде қалай оқу керек, гигиена негіздері, кибермәдениет, интернет арқылы қалай оқу керек және дене жаттығуларының маңызы туралы сынып сағаттары, сонымен қатар, ата-аналар жиналысын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді білім және ғылым министрі.

Сонымен қатар, ол жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, мектептерге техника сатып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Еске сала кетсек, қазақстандық оқушылар қыркүйек айынан бастап қашықтан оқитын болды. Ал бастауышта оқитын оқушылар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп оқушылары сияқты, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері де қашықтан білім алатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868008-bilim-kni-kalaj-tedi-ajmagambetov-zauap-berdi/