RU

"Дәрігерлер карантинде көңілді отырыс өткізді": Тиісті мекеме түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласындағы банкет залдың бірінде бас қосып, кеш ұйымдастырғандардың ұсталғаны туралы видео тарады. Хабарлама авторларының айтуынша, көңілді отырысты атап өткендер - аурухана дәрігерлері деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Видео және толық мәлімет "Бессимптомно" Telegram-арнасында жарық көрді.

Ролик кадрынан "Керуен" кафесін тексеруге келген мониторинг тобының жазғы алаңда 18 адамға жайылған дастарханды көргенін, алайда онда ешкім болмағанын байқау қиын емес.

Анықталғандай, демалып отырғандар жеке бөлмелерге бөлініп кеткен, ал қалғаны артқы есік арқылы қашып кеткен.

Жазба авторы карантин режимін бұзған Алматы облысы Іле ауданындағы Орталық аудандық аурухананың қызметкерлері екенін жеткізді.

Одан бөлек, санитар дәрігер мен полиция қызметкерлері жолдан "бұталардың арасында темекі шегіп тұрған" әйел мен аурухананың бас дәрігерін кездестірген. Жазба соңында автор "дәрігерлердің ешқайсы жауапқа тартылмағанын" жеткізді.

NUR.KZ тілшісіне оңтүстік астананың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының баспасөз қызметі тексеру барысында дәрігерлер тарапынан карантин талаптарын бұзу анықталмағанын, жағдайдың расталмағанын хабарлады.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі бүгінгі үкіметтің отырысында өткен тәулікте коронавирустан 33 адамның көз жұмғанын жария етті. Сонымен қатар Алексей Цой масканы кімдерге тағуға болмайтынын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868025-drigerler-karantinde-kildi-otyrys-tkizdi-tiisti-mekeme-tsinikteme-berdi/