RU

Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналған: ІІМ қызметтік тергеуді бастады

Ішкі істер министрі Ақтауда жаназада көп адам жиналғаны туралы ақпараттардан кейін қызметтік тергеу жүргізуді талап етті. Белгілі болғандай, желіде шу тудырған видеолар БҚО полиция басшысының анасын ақтық сапарға шығарып салу кезінде түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметінің Teеlgram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos

Ведомствоның мәлімдеуінше, өңірде 17 тамызға дейін қатаң карантин режимі енгізілгендіктен, адамдар көп жиналатын кез келген жиындарға тыйым салынады.

Алайда, Маңғыстау облысының полициясы бұл шектеу шараларының бұзылуын болдырмас үшін тиісті шаралар қолданбаған. Бұл туралы ішкі істер министрі хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 100-ден аса адам жиналған жаназаның видеосы тарап кетіп, көпшіліктің ашуын тудырған болатын. Олар карантин уақытында шектеу талаптарын сақтанбағандарға шүйлікті. Нәтижесінде марқұмның туыстарына әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ақтаулық белсенділер облыстың бас полицейі мен санитар дәрігерінің қызметінен кетуін талап етіп жатыр. Оған жүздеген қала тұрғыны қатысқан облыстың бұрынғы полиция бастығының анасын жерлеу рәсімі себеп болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868037-aktauda-zanazaga-100-den-asa-adam-zinalgan-iim-kyzmettik-tergeudi-bastady/