RU

Шымкентте ер адам супермаркеттен 5 келі ет ұрламақ болған

Шымкентте жұмыссыз қалған ер адам супермаркеттен 5 келі ет ұрлауға тырысқан, бірақ қырағы күзетшілер оның бұл жоспарының күлін көкке ұшырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ер адам Шымкенттегі супермаркеттен 5 келі ет ұрламақ болған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға осы жылдың мамыр айының ортасында Шымкенттегі орталық супермаркеттердің бірінде болған. Бейнекамералар арқылы бақылау жүргізіп жатқан күзетші ет бөліміндегі бір ер адамның кеудесіне үлкен сөмкені жасырғанын байқап қалды.

Шыға берістегі күзетшіге күдікті ер адам жайлы ескертілді. Күзетшілер дер кезінде әрекет етті. Ер азамат кассаны айналып өтіп, дүкеннен кетуге тырысты.

Қосымша тінту барысында ер адамнан 5 келі еті бар полиэтилен пакет табылған. Күдікті полицияға тапсырылды. Ет тәркіленіп, дәлел ретінде іске қосылды.

Ұсталған азамат ұрлық әрекетін бірден мойындады. Белгілі болғандай, Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жастағы тұрғыны жұмысының жоқтығынан ұрлыққа барған.

Айыпталушының кәмелетке толмаған балалары болған. Ол сонымен қатар, отбасы үшін арзан азық-түлік сатып алу үшін "олжаның" бір бөлігін сатпақ болғанын айтты. Полиция Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі (ұсақ ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар қылмыс жасалған жер бойынша Абай аудандық сотына берілді.

Тергеу барысында ер адамның туыстары сауда кәсіпорнына 12 500 теңге көлемінде келтірілген залалды толығымен өтеген.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда көлік айналарын ұрлаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868048-er-adam-symkenttegi-supermarketten-5-keli-et-rlamak-bolgan/