RU

Нұр-Сұлтанда бірнеше көшеде көлік қозғалысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан көшелерінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соған байланысты елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жағдайға түсіністікпен қарауын сұрауда деп жазады KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі: Getty Images

Елорда әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, жол-жөндеу жұмыстары 4-10 тамыз аралығында бірнеше учаскеде жүргізіледі. Ол жерлердегі қозғалыс ішінара жабылатын болғандықтан, қала билігі жүргізушілерге жүретін маршрутын алдын-ала жоспарлауды ұсынып отыр.

Қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жоспарланған. Оған қоса, Алаш тас жолындағы көпірден Жолымбет көшесіне дейін көлік қозғалысын жартылай жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.

"Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген Нұр-Сұлтан әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1158 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 93 820-ға жетіп отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868070-nr-sltanda-birnese-ksede-klik-kozgalys-toktatyldy/