RU

Алматыда ер адам пәтерінің терезесінен оқ жаудырды

Алматыда есірткі тұтынып, мас күйде болған ер адам учаскелік полиция қызметкеріне оқ атты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда ер адам пәтерінің терезесінен оқ жаудырды
Фото: kaz.zakon.kz: UGC

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіншек "102" басқару пультіне хабарласып, күйеуімен ұрсысып қалғандықтан өз-өзіне қол салмақ екенін айтқан.

"Белгілі болғандай, бір әйел "102" басқару пультіне хабарласып, күйеуімен ұрсысып, отбасындағы жанжалға байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан. Дабыл бойынша оқиға орнына бірінші болып учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов жеткен.
Жанжал болған үйдің ауласында (ескерту: Әуезов - Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан) полиция қызметкеріне оқ атылған, қоңырау шалған әйелдің күйеуі екінші қабаттағы пәтердің терезесінен оқ атты. Учаскелік полиция қызметкері кері шегініп, оқтан ығып үлгерді, ол зардап шеккен жоқ", - деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ер адамды полицияның арнайы жасағының жауынгерлері залалсыздандырды. Анықталғандай, ол мас күйде болған.

"Ұсталған азамат 1983 жылы туған В. есімді азамат болып шықты. Оның атында тіркелген аңшы мылтығынан оқ атылғаны анықталды. Қылмыс жасау кезінде В. есірткіге елітіп, мас күйінде болған. Ол ұсталып, Алмалы ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді", - делінді полицияда.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында жас жігіт көшеде келе жатқан адамға көліктен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868099-almatyda-er-adam-pterini-terezesinen-ok-zaudyrdy/