RU

Қарағандыда белгісіз біреу қала тұрғынын көше ортасында тонап кетті

Қарағандыда 45 жастағы ер адамды күндіз көше ортасында тонап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда белгісіз біреу көше ортасында ер адамды тонап кетті
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Белгілі болғандай, бейтаныс біреу сауда үйінің мыңында тұрған қала тұрғынының қолындағы 15 мың теңгесін тартып алған.

16 шілде күні Қарағанды қаласының ПБ ЖБО-ға тонау туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен сағат 17.00-де белгісіз адам сауда үйінің бірінің жанында 45 жастағы ер адамға тап беріп, ашықтан ашық оның қолындағы 15 мың теңге шамасындағы ақшасын тартып алған.

Аталған факті Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ СДТТ нысанында ҚР ҚК-нің 191-бабы “Тонау” бойынша тіркелген.

3 тамызда криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары кезінде 24 жастағы жігіт анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Петропавлда ер адам 80 жастағы зейнеткерді тонады деген күдікке ілінген еді. Анықталғандай, егде жастағы әйелдің 116 мың теңге салынған сөмкесі ұрланған.

Күдіктіні іздестіруге барлық сыртқы полиция қызметі жіберілді. Сондай-ақ, СҚО ауруханасының ауданына жақын маңайда жүрген патруль жіберілді.

Көп ұзамай сипаттамаға сәйкес келетін ер адам табылды.

Оның шалбарының сыртқы қалтасында әйелдерге арналған әмиян табылды, оны полиция бірден байқады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868110-karagandyda-belgisiz-bireu-kse-ortasynda-er-adamdy-tonap-ketti/